Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №14 негізгі орта мектебі» КММ – нің 2023-2024 оқу жылына 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау туралы

2023 жылғы 1 сәуірден бастап 1-сыныпқа қабылдау үшін өтініштер қабылдау басталады. Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының тармағына сәйкес алты жастағы балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді. 1-сыныпқа қабылдауға өтінішті беру интернет-портал арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады school.kst-goo.kz» SAKURA » электрондық мектебі, Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі арқылы egov.kz.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 1 сәуірден 1 тамызға дейін. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның заңды өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі. Өтініш; Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін қажет); денсаулық жағдайы туралы анықтама (№063/у нысаны-профилактикалық екпелер картасы және № 026/у-3 нысаны «баланың денсаулық паспорты»; баланың фотосуреті 3х4 сантиметр.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті тіркеу туралы электрондық өтініш беру кезінде көрсетілген ұялы нөмірге СМС — хабарлама жіберіледі. Баланы мектепке қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға баланы білім беру ұйымына қабылдау туралы СМС түрінде хабарлама келуі тиіс. Сондай — ақ «SAKURA» электрондық мектебі қызмет алушыларға «Қабылдау өтінішінің мәртебесін тексеру» бөлімінде кезек немесе бар болған жағдайда бронь нөмірі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

«SAKURA» — электрондық мектеп жүйелік нұсқаулығы

 

View the embedded image gallery online at:
http://mektep14.edu.kz/kz/14-mm-abyldau.html#sigFreeIdf39c9f8e15