9 желтоқсанда мектептің акт залында Астана қаласында 1-6 желтоқсан аралығында өткен "Тең мүмкіндіктер" атты бірінші республикалық балалар фестивалінің қатысушылары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды.Жарысқа қатысушыларды дене шынықтыру мұғалімі және спорт тәлімгері Мурзина Валентина Анатольевна қарсы алды. Мектеп директоры Гаврилова Светлана Витальевна жас спортшыларды ерекше жеңісімен құттықтады. Грамоталармен қатар балаларға тәтті сыйлықтар табысталды. Біздің мектеп командасына болашақта да жоғары нәтижелер мен жарқын жеңістер тілейміз.