«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі № 14 негізгі жалпы білім беру мектебі»ММ-нде «Адал жол – Честный путь»облыстық эстафетасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын құру арқылы барлық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту мақсатында,келесі іс-шаралар өткізілді: 1-5 сынып оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ата-аналар мен балаларға арналған тақырыптық стенд ресімделді ,көркем еңбек мұғалімі Жеребцова В.А. «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» атты суреттер сайысы өтті, сондай-ақ 5-9 сынып оқушыларының сыбайлас жемқорлық көріністері үшін жауапкершілік пен жаза түрлерін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар мен баптар туралы білімдерін арттыру мақсатында, сынып жетекшілері «Мен не таңдаймын» диктантын жаздырды, мектеп кітапханашысы оқушылар мен олардың ата-аналарына «Сыбайлас жемқорлықсыз өмір» тақырыбында көрме ұйымдастырды., сонымен қатар, 9-шы сынып оқушыларына «Бірге біз әлемді өзгертеміз»атты сабақ өткізілді.
Оқушылар мен педагогикалық ұжымды үзіліс кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту мақсатында, 1 қабаттың фойесінде директордың ТЖ жөніндегі орынбасары В. С. Ткановамен бейнефильмдер көрсетілді, оның мәні сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған
Сонымен қатар, сынып сағаттарында, сондай-ақ құқықтық жалпы оқыту бойынша сабақтарда 1-9 сынып жетекшілері келесі тақырыптарға әңгіме жүргізді: 1-4 сыныптар үшін «Дұрыс-дұрыс емес», 5-7 сыныптар үшін «Біз ережелерді сақтаймыз», 8-9 сынып оқушылары үшін «Заңды сақтаудағы артықшылық» атты коучинг өткізілді.
2018 жылдың 23 қарашасында мектепте ата-аналар жиналысы аясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Г. Досаева «Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастырудағы отбасының рөлі» тақырыбында құқықтық дәріс өткізді.
2018 жылдың 5 желтоқсанында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнін мерекелеу аясында дене шынықтыру мұғалімдері «Отбасы – менің тірегім!. атты волейболдан спорттық жарыс өткізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шараларға пән мұғалімдері де белсенді қатысты, олар үшін «Сыбайлас жемқорлық — әлеуметтік зұлымдық!» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды түсіндіру бойынша құқықтық білім мектебі ұйымдастырылып, өткізілді.
http://mektep14.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/115-adal-zhol-respublikaly-sybajlas-zhem-orly-a-arsy-marafony-bojynsha-at-aryl-an-zh-mystar-turaly-a-parat.html#sigFreeId8e2482fd49