6 қарашада Астана қаласындағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында балаларға арналған "Тең мүмкіндіктер" Республикалық инклюзивті спорт фестивалінің салтанатты жабылуы өтті. Бұл балаларды спорт, достық және өзара қолдау арқылы біріктіретін бірегей іс-шара.
Фестивальге еліміздің барлық өңірлерінен 500 - ге жуық оқушы қатысты, олардың ішінде-ерекше білім беру қажеттіліктері бар 153 бала. Жас спортшылар бочча, көңілді старт және жеңіл атлетика сияқты пәндерде өз шеберліктерін көрсетті.
"Тең күмкіндіктер" - бұл жай ғана спорттық жарыстар емес. Бұл бірлік, қолдау және мүмкіндіктер барлығына тең деген сенім туралы әңгіме. Балалардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, өзіне деген сенімділікті нығайтуға, достық пен өзара түсіністікті қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, жоба инклюзивті ойлау мәдениетін, салауатты өмір салтын және төзімділік құндылықтарын насихаттайды.
Фестиваль Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, "Қазақстан – 2050" Стратегиясын және дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өткізіледі.
Іс-шараны ұйымдастырушылар-ҚР білім Министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы, "AMANAT" партиясы, Қазақстан бочча Федерациясы және "Тең мүмкіндіктер әлемі"қоғамдық қоры.
Қостанай облысының командасы жарыстан тамаша нәтижемен оралады: облыстың 11 командасы 10 медаль жеңіп алды!
Олардың ішінде біздің спортшылардың нәтижесі!
1 орын Бочча - 6 А сынып №14 Қостанай қ.
1 орын Қостанай Қ. №14 ЖББОМ 6 Б сыныбы қыздар жеңіл атлетикалық эстафетасы
2 орын Бочча 4 А сынып №14 Қостанай қ.
2 орын Бочча 7 Б сынып №14 Қостанай қ.
2 орын Жеңіл атлетика эстафетасы Қыздар 7 Б сынып №14 ЖББОМ
Әріптестерімізді, дене шынықтыру мұғалімдерін құттықтаймыз
Тайгунова Татьяна Владимировна
Савгуров Александр Сергеевич
Исмурзина Валентина Анатольевна керемет нәтижемен!
https://mektep14.edu.kz/kz/6-arashada-astana-alasynda-y-l-farabi-atynda-y-o-ushylar-sarajynda.html#sigFreeId6fb7ce4ecd
























