Шілде айында қашықтық форматта келесі іс-шаралар өтті:

 

— «Ұлы дала мұрасы» қашықтық бейнероликтер конкурсы аясында Instagram желісінде Қостанай облысының киелі объектілері туралы ақпараттық бейнеролик орналастырылған;

 

— «6 шілде-Қазақстан Республикасының Астана күні» бейнеролигі Қазақстан Астанасының қалыптасуы, оның заманауи келбеті мен көрікті жерлері туралы баяндайды;

 

— «Мен үшін Тәуелсіздік деген не?» челленджіне 5-6 сынып оқушылары қатысып, «Тәуелсіздік» ұғымына не қосып жатқандарын қысқаша айтып берді.

 

— Алтыншы сынып оқушысы,  Ыбырай Алтынсарин атындағы мемориалдық кешен бойынша үздік виртуалды экскурсияға «Даланың дара ұстазы» бейнероликтер байқауына қатысты;

 

— «Росток» театр студиясының тәрбиеленушілерінің орындауында «Успех» жазғы алаңының оқушыларына жазғы кезеңде табиғатқа ұқыпты қарау туралы «Орман ертегісі» спектаклі көрсетілді;

 

— 1-15 шілде аралығында «№14 ЖББОМ жазғы сауықтыру алаңдары жайында          бейнеролигі.  Жазғы мектеп алаңдарының жұмысы туралы баяндайды, фото-және бейнематериалдардан тұрады.