Педагог-психологтың кеңестері
Баланың эмоционалды тыныштығы мен оқудағы жетістігі үшін
«3 минут ережесі»: Баланы мектептен келгенде, оны көп уақыт көрмегендей қуанышпен қарсы алыңыз (тіпті дүкенге 5 минутқа шығып келсеңіз де). Алғашқы 3 минуттағы жылы қарым-қатынас сенім ұялатады және балаға күні бойы жиналған стресті сыртқа шығаруға көмектеседі.
Тапсырмаларды бөлшектеу: Ерекше білім беруді қажет ететін (ЕБҚ) балалар үшін ұзақ нұсқаулық («Дәптеріңді аш, күнді жаз, екі торкөз тастап, жаттығуды баста») — түсініксіз шу болып көрінуі мүмкін. Оған бір уақытта тек бір ғана қысқа тапсырма беріңіз.
Бағаны емес, талпынысты мақтаңыз: «4 алғаның үшін жарайсың» деудің орнына: «Сенің мына әріптерді қалай тырысып жазғаныңды көрдім, бұл оңай болған жоқ, бірақ сен жеңіп шықтың!» — деп айтыңыз. Бұл балада қиындықтарды жеңуге деген мотивацияны қалыптастырады.
«Күннің жақсы жаңалығы» ритуалы: Ұйықтар алдында бүгін болған 3 жағымды сәтті бірге еске түсіріңіздер. Бұл миды мазасыздықтан позитивке ауыстыруға көмектеседі (бұл әсіресе инклюзивті сыныпта оқитын балалар үшін өте маңызды).
Сезімдерді мойындау: Егер бала сәтсіздікке ұшырап, ашуланса немесе жыласа, «Жылама» деп айтпаңыз. Оның орнына: «Есеп шықпағандықтан қазір ашуланып тұрсың. Бұл — қалыпты жағдай. Кел, терең тыныс алайық та, 5 минуттан кейін қайта көрейік», — деңіз.
























