2021 жылдың наурыз айында қашықтық формата келесі іс-шаралар өткізілді:
- 9-сынып оқушысы Ким Мария "Тiлге құрмет - елге құрмет" атты республикалық челленджінің қатысушысы болды, жетекшісі - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекенова А.С.;
- мектептің мұғалімдері мен оқушылары халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйелдерге гүл сыйла!» мерекелік бағдарламасын дайындады, оған ұжымның ер азаматтарының құттықтаулары, өлең оқу, ән орындау, әзілмен құттықтаулары кірді;
- мектеп оқушылары #Dasturе челленджіне қатысты, онда ұлттық салт-дәстүрлердің ерекшеліктерін көрсететін бейнероликтер ұсынылды;
- мектеп оқушылары қалалық «Бауырсақ party» акциясына қатысты, онда әр қатысушы өлең оқыды. Акцияның мақсаты: қазақтың ұлттық тағамдарын жаңғырту және танымал ету;
- «Оқитын мектеп – оқитын ұлт» жобасы аясында 3-сынып оқушылары #Трендтеболоқы челленджіне қатысуды жалғастырды. Мектептің инстаграмм орналастырылды;
- мектеп оқушылары «Қара жорға» би флешмобына қатысты, Қара жорға биінен үзінді орындады;
- қазақ және орыс тіліндегі әндер, өледер орындалған, сондай-ақ мерекенің шығу тегі туралы презентация еңгізілген мектеп оқушыларының Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, әз Наурыз!» атты видео құттықтаулары;
- «Қасиетті география» арнайы жобасын іске асыру шеңберінде 9- сынып оқушылары Наурызым қорығына виртуалды экскурсия жасады, «Дүниежүзілік мұра» және «Флора мен фауна патшалығы» атты екі бейнероликті қарады.