1-4 сынып оқушылары Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына арналған «Ұлы мұра» облыстық марафонына қатысты. «Менің сүйікті өлеңім» оқырмандар байқауында Ы.Алтынсариннің: Ядрова Александра «Өзен», Дмитрий мен Александр Скородиндер «Менің достарым», Эсеналиева Жасмина «Кел, балалар, оқылық» шығармаларын оқыды.
 
Мектеп оқушылары Қазақстан халықтары Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Саналы Азамат» негізгі жобасы аясында өткен VI қалалық балалар шығармашылығының «Жүйректен жүйрік озар!» атты қашықтықтан өтетін балалар фестиваліне қатысты. Жұмыстар «Фотосуреттер», «Театрландырылған көрініс», «Бейнелеу өнері», «Көркем сөз» номинациясында ұсынылған. Инстаграм парақшасында біздің балаларымыздың жеке жұмыстары ұсынылған: Ким Мария, «Қазақстан, сен менің Отанымсың!» өлеңі, Миннигалиев Рустемнің «Біздің күшіміз бірлікте» және Лысов Владимирдің «Біз әртүрліміз және бәріміз біргеміз».
 
Біздің мектептің балалары «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» РББЖ белсенділері арасында өткен «In harmony with the nature» экологиялық интернет фестиваліне қатысты. Видеода балалардың қыста құстар мен жануарларға қалай қамқорлық жасайтыны, сондай-ақ тұрмыстық экологиялық әдеттер туралы айтылды.