Қараша айында мектепте қашықтықтан келесі іс-шаралар өткізілді:
 
- 12 қазан мен 12 қараша аралығында азаматтық сана және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу айлығы;
 
- 12 қарашада күзгі демалыстың басталуына байланысты өткізілген «Алтын күз-2020» челленджінің қорытындылары шығарылды. Челлендждің мақсаты - күздің жарқын сәттерін қарау және есте сақтау;
 
- Рухани Жаңғыру бағдарламасының «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы аясында, 6 «А» сынып оқушысы Есеналиева Сабина «Мен өз салт – дәстүрімді білімін» - «Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» атты қалалық қашықтық челленджге қатысты. Онда ол қазақтың дәстүрлі ырымы Бесікке салу туралы айтып берді;
 
- 9 «А» сынып оқушысы Гаража Ангелина РБЖБ «Жас Ұлан» белсенділері арасындағы «Мен-еріктімін» интернет – байқауына қатысты.
 
- Жас Өркен» ПЖК командасы полицияның жас көмекшілері мектеп жасақтары қалалық сырттай байқауға қатысты, нәтижесінде олар «ПЖК үздік үгіт бригадасы» номинациясы бойынша 2 орынға ие болды.
 
- 6 а сынып оқушысы Абдрахманова Даяна республикалық «Тәуелсіз Қазақстан» байқауына қатысты;
 
-30.11 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев күніне арналған қашықтық жиын өтті. Өткізілген іс-шаралар туралы жарияланымдар Инстаграмдағы мектеп парақшасында орналастырылды.