Қыркүйек айында мектептегі қашықтықтан оқыту режимінде келесі іс-шаралар өткізілді:
1 қыркүйекте қашықтықтан «Білім күні» жиыны өткізілді, бейнеролик оқушылар мен мұғалімдердің фотосуреттерінен, өлеңдер, әндер орындалуынан, мектеп кімшілігінің құттықтауларынан тұрады;
13 қыркүйекте Инстаграм әлеуметтік желісінде оқушылардың отбасылары шеңберіндегі фотосуреттерінің видео топтамасы жарияланды. Бұл бейнеролик Қазақстандағы Отбасы күнін мерекелеуге арналған. Акция балалардың бойында ата-аналарына деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін, отбасыларына деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыруға бағытталған;
Мектеп оқушысы Фирсова Татьяна қалалық экологиялық тәрбие туралы плакаттар байқауына қатысты. Оның жұмысы мектептің Инстаграм парақшасында жарияланды;
Қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, қолөнерін ұлттық тағамдары мен өнерін насихаттайтын «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы туралы бейнеролик ұсынылды;
8 сынып оқушысы Ващенко Евгения «Абай – қазақ даласының ұлы» әлеуметтік жобасына қатысып, Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» әнін орындады.
Мектеп оқушылары қалалық «Жүректен жүрекке» акциясына қатысты, шағын бейнеролик балалардың үйдегі ата-аналарына қалай көмектесетіні туралы айтады: үй тазалайды, тамақ дайындайды, гүлдерге күтім жасайды;
Инстаграм парақшасына «Мектеп алаңына арналған гүлдер» басылымы жарияланды, онда мектебіміздегі еріктілер жылын өткізу туралы ай сайынғы ақпараттар орналастырылған.