Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрығымен "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы бекітілді. Біздің мектепте "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында келесі құндылықтарға негізделген іс-шаралар мен әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда:
тәуелсіздік және патриотизм;
бірлік пен келісім;
әділдік және жауапкершілік;
заң және тәртіп;
еңбекқорлық және кәсіпқойлық;
шығармашылық және жаңашылдық.
Балалардың қауіпсіздігін күшейту үшін "заң және тәртіп" құндылығына сәйкес алдын алу шаралары мен әлеуметтік жобалар жоспарланып, іске асырылуда:
"Қорқытусыз әлем",
"Сандық әлемдегі қауіпсіз қадамдар",
"Қорқытудан қорғау",
"Қауіпсіз қоғам",
"Қоғамдық мүлікті қорғау",
"Салауатты өмір салты".