«Заң мен тәртіп» айлығы аясында 20 қаңтарда тоғызыншы сынып оқушылары үшін кәмелетке толмағандарға қатысты істерді қарау бойынша көрсетілімдік сот отырысының бейнежазбасы ұйымдастырылды.
Бұл көрсетілімнің мақсаты:
Сот ісін жүргізу тәртібі мен оған қатысушылар туралы көрнекі түсінік беру;
Өз құқықтары мен міндеттеріне саналы түрде қарауды қалыптастыру.
Көрсетілім соңында оқушылар бейнематериалды талқылап, құқық бұзушылықтың салдары мен ол үшін жүктелетін жауапкершілікке ерекше назар аударды.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің №14 негізгі орта мектебі" КММ






















