«Заң және тәртіп» айлығы аясында 28 қаңтар күні мектеп парламентінің белсенділері төртінші сыныптарда «Құқық пен жауапкершілік» акциясын өткізді. Акция барысында оқушылар «Дұрыс - Бұрыс» құқықтық сергіту сәтіне және «Менің құқығым – Менің міндетім» ойынына қатысып, арнайы кестелердің көмегімен балалардың құқықтары мен міндеттері саласындағы білімдерін көрсетті. Іс-шара соңында оқушыларға құқықтық жадынамалар таратылды.