«Оқитын ұлт» бағдарламасы мен Халықаралық мектеп кітапханалары айлығы аясында оқушыларға Ы. Алтынсарин атындағы кітапханаға танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Балалар кітапхана қорымен танысып, кітапхананы пайдалану ережелерін біліп, кітаптардың ғажайып әлеміне саяхат жасады.
Кітап оқу – білімге, дамуға және жаңа жаңалықтарға бастар жол!
Баршаңызды кітапханаға келіп, қызықты кітап таңдап, сүйікті шығармаларыңыздың беттері арқылы ғажайып саяхатқа шығуға шақырамыз!
Кітапты сүйіп оқыңыздар, өйткені әрбір кітап жаңа бір әлемнің есігін ашады!
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің №14 негізгі орта мектебі" КММ






















