2021-2022 оқу жылының желтоқсанында келесі іс-шаралар қашықтықтан да, күндізгі форматта да өтті:
- "Тәуелсіздік тарихы қазіргі жастардың көзімен"атты дөңгелек үстел. Іс-шара барысында сегізінші сынып оқушылары Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстан тарихындағы ең елеулі оқиғалар туралы айтып берді;
- 10-15 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мектеп оқушыларының қатысуымен "Тәуелсіздік дегеніміз не?" деген атпен бейне челендж өтті;
- Мектеп парламентінің мүшелері " Тәуелсіздікке тағзым!атты бейне құттықта ұйымдастырылды, онда Отан туралы өлеңдер оқылып, әндер шырқалды, сондай-ақ тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің өміріндегі ең жарқын оқиғалар баяндалды;
- акт залында "Даланың дана ұстазы-Ыбырай" атты әдеби – музыкалық композиция өтті. Іс-шараға Ы. Алтынсариннің өлеңдері, Ұлы ақынның шығармашылығына арналған қысқа театр қойылымдары, сондай-ақ Отан және Қазақстан Тәуелсіздігі туралы әндер енгізілді;
- Мектеп оқушыларын "Жас Ұлан" РБЖҰ қатарына қабылдау салтанатты рәсімі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналды. Ұйым қатарын он оқушы толықтырды