"Заң және тәртіп" тақырыбы аясында Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеу Департаменті жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және қаржылық қылмыстармен байланысты тәуекелдер туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған әлеуметтік акция мен суреттер байқауын ұйымдастырды.
Байқауға Қостанай қаласы мектептерінің 7-9 сынып оқушылары қатысты.
Үздік жұмыстар "Қостанай Плаза" СОО ашық галереясында көрсетілді, ол қаланың барлық тұрғындарына оқушылардың шығармашылығымен танысуға тамаша мүмкіндік берді. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған қатысушылар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Біздің мектептен 7А сынып оқушылары қатысты: Тастемир Лейла және Хасенова Аделя.
Тастемир Лейла құрметті 3 орынға ие болды! Құттықтаймыз! 
Жас суретшілерімізге шығармашылық табыс пен шабыт тілейміз!
Көркемдік жетекшісі: Көркем еңбек мұғалімі В. А. Жеребцова.