Ағымдағы жылдың 3 қазанында біздің мектепте 3 - 4 сынып оқушылары арасында "Алтын сақа" математикалық олимпиадасының мектеп кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері - математикадан қабілетті балаларды анықтау, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру , оқушыларға математикалық ұғымдарды талдай білуге, өз ойларын сауатты айтуға дағдыландыру. Олимпиадаға 13 бала қатысты. "Алтын сақа" олимпиадасының мектеп кезеңінің қорытындысы бойынша 3 сыныптың 3 оқушысы және 4 сыныптың 3 оқушысы жүлделі орындарға ие болып, қалалық кезеңге қатысады. "Алтын сақа" олимпиадасының қалалық кезеңіне қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!!!