Бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәурде басталып, 2025 жылдың 31 тамызға дейін жалғасады. Ата-аналар баланың құжаттарын және SAKURA 24.KZ электрондық үкіметтің egov.kz веб-порталы арқылы тапсыра алады.

Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.

Портал арқылы ұсыналатын құжаттар:

1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;

2) "Профилактикалық екпелер картасы" № 065/у нысанды және "Бала денсаулығының паспорты" № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;

3) баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.

Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін қабылданады.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқуға қабылдау үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның (ПМПК)қорытындысы қосымша ұсынылады