Қостанай қаласында жыл сайын "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі. "Мектепке жол" республикалық акциясын өткізу тұжырымдамасы қала мектептерінің оқушыларын жалпыға бірдей міндетті білім берумен қамтамасыз ету болып табылады.

Акцияның басталуы – 2025 жылғы 1 тамыз, аяқталуы-2025 жылғы 30 Қыркүйек Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Акцияның міндеті-мұқтаж балаларға әлеуметтік көмек көрсету үшін меценаттар мен демеушілерді тарту. Оқушыларға киім, аяқ киім және кеңсе керек-жарақтарын сатып алу түрінде көмек көрсетіледі.

Құрметті азаматтар! Сіздерді азаматтық белсенділік танытуға және осы акцияға қатысуға шақырамыз.
Анықтама телефоны: жұмыс телефоны – 8(7142)54 05 54, ұялы телефон: 87006733203
Мекен-жайы: Қостанай қ., Победа к-сі, 32