24.11 тарих және география онкүндігі аясында оқушылардың "Бояулардағы География"атты шығармашылық жұмыстарының жарқын көрмесі ашылды. Көрмені география пәнінің мұғалімі Баязитова Лиана Жексинбаевна ұйымдастырды. Жас суретшілер біздің планетамыздың сұлулығын бояулар мен қиял арқылы жеткізді: материктер мен мұхиттар, табиғи аймақтар, сирек кездесетін жануарлар, таңғажайып пейзаждар — бәрі олардың суреттерінде өмірге келді. Әрбір сурет-бұл кішкентай саяхат және айналамыздағы әлем туралы жаңа жаңалық.
























