Дүниежүзілік балалар күніне арналған психологиялық қолдау апталығы аясында мектеп парламентінің активі "Көңіл-күй сыйла"акциясын өткізді. Оқушылар балаларды мерекемен құттықтап, оларға жақсы көңіл-күй, жылы қарым-қатынас тілеп, қуаныш пен жағымды эмоциялардың символы ретінде жарқын көңіл күй сыйлады.
























