Ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында 13 ақпан күні мектебімізде «Magic English Quest» атты қызықты мектептен тыс іс-шара өтті

Квесттің мақсаты:
​Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту;

​Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін ауызша сөйлеу мен аудармада саналы түрде қолдану дағдысын қалыптастыру;
​Тіларалық өзара әрекеттесу арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

​7 «А» сынып оқушылары тілдік икемділік, эрудиция және нағыз командалық рух көрсете білді!
​Квест барысында жасанды интеллект құралдары қолданылды. Бұл тапсырмаларды барынша интерактивті әрі заманауи ете түсті