2026 жылғы 26 ақпанда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 14 негізгі орта мектебі» КММ «Педагогикалық IT-блог: ЖИ қолдану кейсі» атты мектепішілік байқау өтті.
Байқауға мектебіміздің 9 педагогі қатысып, әрқайсысы білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні қолдану бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар цифрлық құралдарды тиімді пайдалану жолдарын, заманауи әдіс-тәсілдерін ұсынып, практикалық кейстерін таныстырды.
Барлық баяндамалар мазмұнды, әсерлі әрі шабыттандырарлық болды. Педагогтер заманауи технологиялардың оқушылардың қызығушылығын арттыруға, цифрлық дағдыларын дамытуға және сабақтарды интерактивті әрі нәтижелі өткізуге қалай ықпал ететінін көрсетті.
Байқау кәсіби тәжірибе алмасу алаңына айналып, мектептегі цифрлық мәдениетті дамытуға жаңа серпін берді. Барлық қатысушыларға белсенділігі, шығармашылығы және жаңашылдығы үшін алғыс білдіреміз!