2026 жылдың 12 наурызында қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігінің аясында 5 - 9 сыныптар арасында «Жаса Қазақстан» әнін орындау челленджі өтті. Іс - шараның негізгі мақсаты - оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық рухын қалыптастыру, қазақ тіліне деген құрметін күшейту және оқушыларды бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Челлендж барысында әр сынып «Жаса Қазақстан» әнін ерекше ынта-жігермен орындап, өз өнерлерін көрсетті. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың елін, жерін құрметтеп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуіне үлкен үлес қосады.
























