Тарих пәнінің мұғалімдері А.В. Вяжевич пен М.Ж. Алин 8-10 сынып оқушыларына арналған «Өз мәдениетіңді білесің бе?» атты интеллектуалды ойын өткізді.
Іс-шараның мақсаты - оқушылардың Қазақстан халқының мәдениеті, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы білімдерін кеңейту. Ойын барысында оқушылар сұрақтарға жауап беріп, түрлі тапсырмаларды орындады.
Шара қызықты әрі танымдық деңгейде өтті. Оқушылар белсенділік танытып, ұлттық мәдениетке деген қызығушылықтары мен жақсы білімдерін көрсетті.
























