Наурыз мейрамы қарсаңында мектебімізде қызықты үзілістер ұйымдастырылды. Оқушылар қазақтың ұлттық ойындары «Асық ату» мен «Тоғызқұмалақтан» өзара бақ сынасса, спорт залында дене шынықтыру мұғалімдері шапшаңдық пен ептілікке бағытталған жарыстар өткізді. Ал ең қайратты оқушылар арқан тартысқа қатысып, күш сынасты.
Мұндай іс-шаралар ұлттық дәстүрлерімізді жаңғыртып қана қоймай, мектеп ішіндегі достықты нығайтады және өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына баулиды.
























