15-27 маусым аралығында №14 жалпы орта білім беретін мектепте «Успех» мектеп жанындағы жазғы лагерінің 2-маусымы өтті. 2-маусым барысында балалар әртүрлі іс-шараларға қатысып, мәдени орындарды аралады, соның арқасында олар көптеген жаңа әрі қызықты мәліметтерге қанық болды.
Бүгін бірінші жасақтың тәрбиеленушілері Ыбырай Алтынсарин атындағы мұражайға барды. Экскурсия барысында балалар ұлы қазақ педагог-ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметімен танысып, оның Қазақстанның білім мен мәдениетінің дамуына қосқан үлесі туралы білді. Экскурсия танымды өтіп, балалардың үлкен қызығушылығын тудырды.
























