15-27 маусым аралығында №14 жалпы орта білім беретін мектепте «Успех» мектеп жанындағы жазғы лагерінің 2-маусымы өтті. 2-маусым барысында балалар әртүрлі іс-шараларға қатысып, мәдени орындарды аралады, соның арқасында олар көптеген жаңа әрі қызықты мәліметтерге қанық болды.
17 маусымда 3-ші отряд Қалалық техникалық шығармашылық мектебіне барды.
Шеберлік сыныбында балалар ұшақ моделін жасап, оны сынақтан өткізді. Олар бір уақытта конструктор, шебер және сынаушы болды.