Жаңа оқу жылы мектепте 165 оқушының қатысуымен Білім күніне арналған «Ыбырайдың қоңырауы – болашаққа аманат» атты салтанатты жиынмен басталды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Одан кейін мектеп директоры Гаврилова С.В. жиналғандарды Білім күнімен құттықтап, баршаға зор денсаулық, оқуда табыс, сабырлылық, бейбітшілік пен игілік тіледі. Мерекенің басты кейіпкерлері – мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған 1-сынып оқушылары болды. Мерекенің ең кішкентай қатысушылары алғашқы қатардан орын алып, өздерінің алғашқы өлеңдерін оқып, жаңа әрі қызықты мектеп өмірінің басталуына жол ашқан алғашқы қоңырауды соғу құрметіне ие болды. Сынып сағаттарын өткізу барысында сынып жетекшілері білім алушылардың назарын Қазақстан Республикасы Конституциясындағы жаңашылдықтарды ілгерілетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаев белгілеген «Адал азамат», «Таза Қазақстан», «Заң және тәртіп», «Толық адам» және басқа да идеологемаларға аударды. «Зерделі ұлт» тұжырымдамасының негізгі міндеттеріне ерекше назар аударылды. Аталған тұжырымдама білім алушылардың оқу мәдениетін дамытуға, олардың зияткерлік және рухани-адамгершілік әлеуетін арттыруға, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды нығайтуға бағытталған.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің №14 негізгі орта мектебі" КММ






















