«Аманат» дебат клубының қызметі аясында «Әлеуметтік желілер – болашақты қалыптастырудың тиімді құралы ма, әлде жастардың дамуына кедергі ме?» тақырыбында мектепішілік дебат турнирі өтті.
Зияткерлік пікірсайыс барысында Үкімет командасы мен Оппозиция командасы өз дәлелдерін ұсынып, әлеуметтік желілердің жас ұрпақтың тұлғалық қалыптасуына, өмірлік құндылықтары мен кәсіби болашағына әсерін талқылады.
Қатысушылар әлеуметтік желілердің тек қарым-қатынас пен ойын-сауық алаңы ғана емес, сонымен қатар сауатты әрі саналы түрде пайдаланылған жағдайда, дамуға және өзін-өзі жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашатын қуатты құрал екенін түсінді.
Турнир қорытындысы бойынша жеңіске Үкімет командасы жетті!
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Екі командаға да белсенділіктері, мазмұнды дәлелдері, өз ұстанымдарын қорғай білуі және сындарлы диалог жүргізгені үшін алғыс білдіреміз!
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің №14 негізгі орта мектебі" КММ






















