15 қараша – Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңгенің дүниеге келген күні.
Мереке қарсаңында мектебімізде оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, ұлттық валютаның тарихы мен маңызын таныстыру мақсатында тақырыптық сынып сағаттары өткізілді.
Оқушылар теңгенің пайда болу тарихымен танысып, ұлттық валютаның ел тәуелсіздігі мен экономикалық тұрақтылығындағы рөлі туралы мағлұмат алды.
Теңге – тәуелсіздігіміздің нышаны, ұлттық құндылығымыз!
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің №14 негізгі орта мектебі" КММ






















