Бүгін, 2026 жылғы 9 қарашада, мектебімізде Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің маңызды бастамасына орай бірыңғай республикалық экологиялық сағат өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты — балалардың бойына су ресурстарына ұқыпты қарау дағдысын ерте жастан қалыптастыру, судың қадір-қасиетін түсіндіру және экологиялық мәдениетті дамыту.
Оқушылар сабаққа белсенді қатысты: • Танымдық бейнематериалдарды тамашалап, судың табиғаттың баға жетпес байлығы екені туралы пікір алмасты. • Күнделікті өмірде суды үнемдеудің қарапайым әрі тиімді жолдарымен танысты. • Әрқайсымыздың қоршаған ортаны қорғауға қалай үлес қоса алатынымыз туралы әңгімелесті.
Табиғатты аялау — болашағымызға қамқорлық жасау! Су байлығын бірге сақтайық!
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің №14 негізгі орта мектебі" КММ






















