2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттарын қабылдау және ауыстыру мерзімін ұзарту туралы. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қостанай филиалы жеке тұлғалардан Қазақстан Республикасында айналыстағы және заңды төлем құралы болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының ақша белгілеріне ауыстыру үшін 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының банкноттарын қабылдау мерзімі 2021 жылғы 01 ақпанға дейін ұзартылғанын хабарлайды.
2006 жылғы үлгідегі банкноттар