2021 жылдың 19 қарашасында біздің мектеп базасында қаланың білім беру ұйымдарын нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету бойынша семинар өтті, семинарды ұйымдастырушы «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі»ММ ақпараттандыру бөлімі.
Аталған іс-шараға АКТ жөніндегі директорлардың орынбасарлары, қала мектептері мен бақтарының бағдарламалық қамтамасыз ету инженерлері қатысты.
Қостанай қаласы білім бөлімінің ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Е.А.Олжабаев құттықтау сөз сөйлеп, семинарға қатысушыларды ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы нормативтік — құқықтық құжаттармен таныстырды, ҚР Үкіметінің 20.12.2016 ж. № 832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтау қажеттігін атап өтті.
АКТ бойынша орынбасарлары: № 15 ЖББМ- Г.М. Кудесова және № 14 ЖОББМ – Ә.Қ.Козка ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік саласында мектеп құжаттарын жүргізу бойынша тәжірибелерімен бөлісті. №115 ЖББМ инженері А.М. Ахатов мектепте трафикті сүзгілеуді қамтамасыз ету бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Семинар соңында дәріскерлер сертификаттар алды.
Акт бойынша директорының орынбасары Ә.Қ.Козка