Құрметті әріптестер!

2022 жылдың 11 сәуірінен бастап педагогтердің ұлттық біліктілік тестілеуі басталғанын хабарлаймыз.

Тестілеуден өту ережесін бұзған жағдайда педагогке 5 жыл (білім беру ұйымдарының басшылары – үш жыл) мерзімге дейін аттестаттаудан өтуге рұқсат берілмейтінін естеріңізге саламыз.

Сонымен қатар, педагогтің біліктілік санаты "педагог" біліктілік санатына дейін (басшы – "білім беру ұйымының басшысы" біліктілік санатына дейін) төмендетіледі(ҚР БҒМ 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығы, өзгерістер мен толықтыруларымен 12.11.2021 ж. № 561бұйрығы).

Тыйым салынады:

1аудиторияны кезекшінің рұқсатынсыз және сүйемелдеуінсіз қалдыруға;

2бір-бірімен сөйлесуге;

3бір жерден екінші жерге көшуге;

4материалдармен алмасуға, материалдарды аудиториядан шығаруға;

5аудиторияға (оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттер, цифрлық смарт- жабдықтар (ұялы телефон) әкелуге және пайдалануға.