Бүгін 2023 жылғы 17 мамырда сағат 11.00-де №14 ЖББОМ білім беру саласына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс - шаралар кешені шеңберінде үдерісте ТЖ алдын алу бойынша эвакуациялық оқу - жаттығу өтті. Оқу - жаттығулар ҚР Премьер - Министрі А. А. Смайыловтың тапсырмасына сәйкес өткізілді.
Оқу - жаттығу аясында ТЖ туындаған кезде қызметкерлер мен оқушылардың іс - қимыл алгоритмі пысықталды.
Барлық әрекеттер алгоритмге сәйкес жүзеге асырылды. Оқушылар мектеп қызметкерлерімен бірге мектеп ғимаратынан уақтылы және дүрбелеңсіз кетті.