Наурыз айында мектепте келесідей іс-шаралар өтті:

— 1-4 сынып оқушылары арасында «8-наурыз керемет күн» атты сурет көрмесі ғимараттың 1-ші қабатында орналастырылды. Барлығы 35 сурет ұсынылды;
— 9 сынып оқушыларымен, Қостанай гуманитарлық колледжі және автотранспорт колледжінің өкілдерімен кездесу болды. Кездесуге 56 оқушы қатысты;
— 8 сынып оқушыларымен » Абай Құнанбаев қазақ халқының ұлы ақыны» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында қатысушылар Абайдың өмірбаяны, оның шышылығымен білімін тереңдетуге себеп болған мүмкіндіктері туралы баяндамасымен сөз сөйледі;
— Сонымен қатар 6 сынып оқушылары үшін «Ұлы Абайдың Отаны» атты экскурсия өтті;
— мектептің әйел қауымына » Халықаралық 8-наурыз әйелдер күніне»арналған «Көктемгі көңіл күй» атты мерекелік концерт өтті. Мереке бағдарламасына оқушылардың қатысуымен ән,тақпақ, әзілкеш қойылым, билер кірді;
— «Адал Ұрпақ» МҰ мүшелерімен 5-6 сынып оқушылары үшін » Кәмелеттік жасқа толмағанға тағайындалатын жазалардың түрі» атты лекторий өтті, онда оқушылар «қылмыс» түсінігімен, қылмыстың және жазаның түрлерімен танысты.