Қыркүйек  айында «Өлкетану »кіші бағдарламасы шеңберінде  оқушылар арасында келесі іс-шаралар өткізілді:

 

— 1-9 сынып оқушылары орыс драма театрына барды;

 

 — мектеп театр студиясының қатысушыларымен  1 сынып оқушылары үшін

« Тірі жанды қорғау!» атты эколгиялық ертегі көрсетілді

 

-7 «А» сынып оқушылары «Таза көше» экологиялық акциясын  ұйымдастырды»;

— 9 сынып оқушыларының қатысуымен тұқым жинау бойынша экологиялық десант өтті.

 

«Саналы Азамат» кіші бағдарламасы шеңберінде  мынадай шаралар өткізілді:

 

— оқу жылы дәстүрлі түрде бірінші қоңырау мерекесін ашты, оны өткізуге 38 оқушы қатысты;

 

— республикалық ата-аналар конференциясында 2-9 сынып оқушылары отбасы күніне арналған шағын концерттік бағдарлама ұсынды;

 

— экоакция шеңберінде бастауыш сынып оқушылары арасында «Өз өлкесінің табиғатын сақта» атты суреттер байқауы өтті.

 

«Отаным – тағдырым»  кіші бағдарламасы шеңберінде  мынадай шаралар өткізілді:

 

 — 8 «А»  сынып оқушысы Фазылова Галина 800 метрге жүгіруде қыздар арасында қалалық Денсаулық күнінде бірінші орын алды;

 

— Отбасы күнін мерекелеу аясында «Бақытты отбасы – мықты ел», «Әкем және мен – бір тату команда», «Менің әкем кәсібі» атты  сыныптан тыс сағаттар өтті»;

 

— 5-9 сынып оқушылары арасында «Менің әкем – ең үздік» атты эссе сайысы өтті.

 

Қазан айында «Өлкетану» кіші бағдарламасы аясында келесі іс-шаралар өтті:

 

-бастауыш сынып оқушылары үшін «Күз, қонаққа шақырамыз!» күз мерекесі өтті.».

 

Іс-шара барысында балалар өлеңдер, әндер орындады, қозғалмалы ойындар мен эстафеталарға қатысты, орман тұрғындары туралы театрлық қойылымды көрді;

 

— 1-4 сынып оқушылары арасында «Табиғат айнасы» атты табиғи материалдан жасалған бұйымдар көрмесі өтті. Үздік жұмыстар грамоталармен марапатталды;

 

 «Саналы Азамат» бағдарламасы аясында бірқатар іс-шаралар өтті:

 

— 5 қазан күні Мұғалімдер күніне арналған «Шын жүректен!» атты концерт өтті

Мерекелік бағдарлама әндерді, билерді, лирикалық және әзіл-сықақ сипаттағы қойылымдарды орындауды қамтыды;

 

— қыздар Күнін мерекелеу аясында 6-9 сынып қыздары арасында «Ал қане, қыздар!» дарындылар сайысы өтті;

 

«Отаным-тағдыр» кіші бағдарламасы аясында келесі іс-шаралар өтті:

-1 қазанда мектеп оқушылары мен педагогтары, құрметті демалыстағы зейнеткер мұғалімдерді қарттар күнімен құттықтады.;

 

— 26 қазанда Қамқоршы күніне арналған «Мейірімді жүрек» атты концерт өтті»;

 

— қыздар Күнін мерекелеу аясында мектеп фельдшері 5-9 сынып оқушыларына балалардың денсаулығын сақтау, олардың құқықтық тәрбиесі мәселелері бойынша дәріс өткізді. Дәріс барысында жасөспірім жастағы қыздардың репродуктивті денсаулығын сақтау мәселелері талқыланды,осы тақырыпқа үлестірме материалдар таратылды.

 

Қараша  айында «Өлкетану» кіші бағдарламасы шеңберінде   келесі іс-шаралар өткізілді:

 

— белгілі қайраткерлер туралы білімді қалыптастыру, атақты тұлғалар үлгісінде азаматтық ұстанымды қалыптастыру мақсатында 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақстанның танымал адамдары» атты дөңгелек үстел өтті;

 

— күзгі демалыс кезінде 6-9 сынып оқушылары орыс драма театрына барды

 

— 7 «А» сынып оқушылары «Қазақ тұлпары» атты спорттық клубына барды.

 

«Саналы Азамат» кіші бағдарламасы шеңберінде  мынадай іс-шаралар өткізілді:

 

— 17 қарашада  Бірінші сынып оқушыларын «Бағдаршамды құрметте» жаяу жүргіншілерге арнау өткізілді.Іс-шара орта буын оқушылары мен «Росток» мектеп театр студиясының үгітбригадасының қатысуымен өтті.

Бірінші сынып оқушылары жол жүру ережелері, көшедегі тәртіп ережелері туралы білімдерін бекітіп, бағдаршамның тағайындалуы туралы өз ойларын бекітті.

 

«Отаным – тағдырым» кіші бағдарламасы шеңберінде мынадай іс-шаралар өткізілді:

 

— мектеп кітапханасының кітап қорын толықтыру мақсатында «Мектеп кітапханасына кітап сыйла» қайырымдылық акциясы өтті. Кітапхана оқушылар мен ата-аналардан балалар, классикалық және көркем әдебиеттің 360 басылымын сыйлыққа алды.

 

-9 сынып оқушыларының қатысуымен «Көңілді старттар» спорттық жарысы өтті

30 қарашада ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың күніне арналған «Нұрлы жолға Елбасымен бірге» жалпы мектептік салтанатты жиын өтті.

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған 1-4 сынып оқушылары арасында «Туған жерім» атты суреттер сайысы өтті. 34 үздік жұмыс бірінші қабаттың рекреациясындағы көрмеде орналастырылған.

 

14 желтоқсан күні мектептің акт залында  «Тәуелсіздік тұғыры астында! «атты әдеби-музыкалық композиция өтті.. 2-9 сынып оқушыларының орындауында әндер, өлеңдер, күй, би орындалды.

 

Ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында 7 сынып оқушылары арасында Қазақстан тарихы бойынша «Тарих білгірлері» атты зияткерлік ойын өтті.

 

Мектеп оқушылары жыл сайынғы қалалық «Менің Қазақстаным»байқауына қатысты. «Хореография» номинациясы бойынша би ұжымы қатысқаны үшін грамотамен, «Сурет» номинациясы бойынша Ким Мария – «Тақырыпты үздік ашқаны үшін», «Вокал» номинациясы бойынша 2 «А» сынып оқушысы Дульская Анастасия 2 орынға ие болды.

 

Іс-шаралар