2025 жылдың 30 қазанында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» математика олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Мектебіміздің педагогтері жоғары кәсіби шеберлік танытып, жүлделі орындарға ие болды:
Шинкаренко В.И. — I орын
Тулебаева А.Ф. — II орын
​Бұл жетістік байқаудың 6 қаңтарда өткен екінші кезеңінде де жалғасын тапты. Оның қорытындысы бойынша Шинкаренко В.И. II дәрежелі дипломмен марапатталды.
​Сондай-ақ мектеп намысын абыроймен қорғап, қатысушы сертификаттарына ие болғандар:
​Нурканова С.И.
​Рамазанова Г.Т.
​Исмагамбетова А.Ж.
​Әріптестерімізді жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тілейміз!