14 ақпанда физика-математика лицейінің базасында Тобыл Еслямғалиұлы Дәулетбаев атындағы мұғалімдердің XIII өңірлік ғылыми-тәжірибелік байқауы өтті. №14 жалпы орта білім беретін мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдері Валентина Анатольевна Имсурзина мен Александр Сергеевич Савгуров «Бочча - армандауға көмектесетін ойын: дағдыларды дамытамыз және мүмкіндіктерді бейімдейміз» атты жұмысын қорғады.