2026 жылдың 24 ақпанында гуманитарлық цикл әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында 7 «А» сыныбында «Лингвистикалық марафон» өткізілді. Шараның мақсаты - оқушылардың орыс тілі бойынша білімдерін тексеру, сондай-ақ сөзге және тілге деген құрметпен қарау дағдыларын қалыптастыру.
​Марафон бес кезеңнен тұрды. Оқушылар тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындады. Үш команданың ішінен ең үздік шыққандары марапатталды. Сонымен қатар, марафонға қатысқаны үшін барлық оқушыларға «тәтті» сыйлықтар табыс етілді.