Ағымды жылдың 27 қарашасында Қостанай қаласының білім бөлімінің жоспарына сәйкес, №13, 14, 25 мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарында сандық технологияларды қолдану»

тақырыбында қаламыздың қазақ тілі мен әдебиеті пәні жас мамандарына арналған әдістемелік семинар-коучинг өткізді.Бұл іс-шараға жас мамандар қатысты.
* Қалалық білім бөлімінің әдіскері Жумагулова Жанар Дуйсембаевна сөз сөйлеп семинарды ашып берді. 
* Коучинг бағдарламасы мен 3 D презентацияны жасау жұмысын №25 мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кульпейсова Айна Джамбуловна таныстырып шықты.
* Семинарға қатысушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатында №13 қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Омарова Гүлжазира Жұмағалиқызы топтарда тренинг өткізді,онда семинарға қатысушылар берілген нұсқаулықты орындап, бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлады.
* Семинарға қатысушыларды топтарға бөлуді №14 мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шаукенова Зайда Жарасбекқызы жүргізді.
* Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сандық технологияларды қолданудың тиімділігі» атты коучингті №13 мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Баймагамбетова Асель Алимхановна және «Сандық технологиялар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру» тақырыбымен Қамбарова Ақбаян Болатовна жас мамандармен топтық жұмыстар жасады.
* Осы коучинг бойынша рефлексияны №14 мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шаукенова Зайда Жарасбековна QR-кодтарды пайдалана отырып өткізді . ... Семинарға қатысушылар бұл технологияны қолдану балаларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында белсендіретінін, оларды ойлауға ,талдауға және түрлі қорытынды жасауға итермелейтінін атап өтті.
Қатысушыларды білім беру үдерісінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарында сандық технологияларды тиімді қолдана білуге баулудан және тәжірибе алмасу мақсатымен өткізілген семинар-коучинг өз мақсатына толығымен жетті.