Бүгін, 2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің бірлескен отырысында ел халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялады. Трансляция сағат 11:00-де басталып, республикалық телеарналар мен Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында көрсетілді.
Президент өз Жолдауында ел дамуының негізгі бағыттарын белгілеп, экономика және әлеуметтік саясат саласындағы маңызды мақсаттар мен міндеттерді атап өтті. Бұл сөз мемлекет пен Қазақстан халқының одан арғы қадамдары үшін бағдар болып табылады.