Қазақстан сандық технологиялардан бастап болашақ мектептерінің архитектурасына дейінгі ең озық шешімдерді талқылайтын әлемдік ауқымдағы алаңға айналды.

Қонақтардың қатарында Ұлыбритания, Австралия, Жапония, АҚШ және басқа да көптеген елдердің сарапшылары бар. Психикалық денсаулық, ерекше қажеттіліктерді бағалау, білім беруде жасанды интеллектті қолдану мәселелері талқыланады.

Біз, педагогтар үшін бұл шабыттандыратын үлгі: еліміз Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген реформалар жолымен сенімді жүріп жатыр. Инклюзия-бұл сәнді термин емес, әр баланың жетістікке жетуге құқығы бар жаңа педагогикалық мәдениеттің негізі.