Тарих және география онкүндігі аясында мектепте 8, 9 және 10 сынып оқушыларына арналған "Қостанай облысының тарихы" Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының жылжымалы көрмесі өткізілді. Балалар Қостанай өңірінің дамуының негізгі кезеңдерін көрсететін археологиялық және этнографиялық материалдармен, құжаттармен және фотосуреттермен танысты. Көрме онкүндіктің маңызды оқиғасы бола отырып, туған өлкенің тарихы туралы білімнің кеңеюіне және тақырыпқа қызығушылықтың артуына ықпал етті.