«Заң және тәртіп» айлығы аясында бастауыш сыныптарда «Адалдық пен әділдік» атты бірыңғай тақырыпта парасаттылық сағаттары өтті. Шара барысында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері оқушыларға парасатты адамның моделін таныстырып, «адалдық» пен «әділдік» ұғымдары туралы айтып берді, сондай-ақ «Тең бағалы алмасу» ойынын өткізді. Сонымен қатар, шара барысында қатысушылар «Мен қалай әрекет етер едім?» атты құқықтық жағдаяттық сұрақтарға жауап берді.