ТОО «Ескендир 07» Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің №14 негізгі орта мектебі" КММ

2026 жылдың 4 наурызында гуманитарлық цикл әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында өткен «Фразеологизмдер күнінде» 5 «Б» сыныбында «Фразеологизмдерді тура мағынасында саламыз» атты сурет көрмесі өтті. Оқушылар фразеологизмдердің суретін үлкен қызығушылықпен салды. Ең үздік жұмыстар орыс тілі мен әдебиеті кабинетіне қойылды.