Орыс сынып оқушылары үшін қазақ тілін үйренудің бір жолы: «Steppe Rider» ойынымен қазақ тілін үйрен Steppe Rider – раннер мен викторина элементтері үйлесімі арқылы қазақ тілін ойын элементтері арқылы үйренуге арналған жоба. Ойыншы қар барысымен бірге саяхат жасап, тапсырмаларды орындайды, әріптер мен сөздерді жинайды, жаңа тақырыптар мен деңгейлерді ашады. Steppe Games» – қазақ тілін үйренудегі жаңа формат Steppe Games қазақ тілін үйретеді және мәдени дәстүрлермен таныстырады. Ойын білім беру мазмұнын заманауи ойын механикаларымен үйлестіріп, оқу үдерісін қызықты саяхатқа айналдырады. Осы инновациялық тәсілдің арқасында балалар қазақ тілі мен мәдениетін оңай әрі табиғи түрде меңгереді. Ойынның ерекшелігін айқындайтын басты қырлары – тарих пен этнография, мәдени ортаға терең бойлау, ұлттық ойындар және географиялық таным. Осы ойындар арқылы тіл үйренушілер сөздік қорларын молайтып,сөйлеу дағдалыран жетілдіреді.
https://mektep14.edu.kz/kz/zhanaly-tar/1746-orys-synyp-o-ushylary-shin-aza-tilin-jrenudi-bir-zholy.html#sigFreeId5d0272c9c4
























