3 сәуір күні кәсіби бағдар беру аясында №14 орта мектептің 9-10 сынып оқушылары медициналық колледжге барып, 2026–2027 оқу жылына арналған мамандықтармен танысты.
Болашақ түлектерге оқуға түсу шарттары: құжаттар тізімі, емтихандар мен қабылдау мерзімдері туралы толық ақпарат берілді. Колледж студенттері оқу орны бойынша экскурсия жүргізіп, оқу кабинеттерін, зертханалар мен заманауи құрал-жабдықтарды көрсетті.
























