Жаратылыстану-математика апталығы аясында бүгін 9-сынып оқушылары арасында «Білімділер мен білгірлер» интеллектуалды ойыны өтті.
​Оқушылар тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен және құлшыныспен орындап, тапқырлықтарын, логикалық ойлау қабілеттерін және топта жұмыс істей білу дағдыларын көрсетті. Ойын барысы өте қызықты, тартысты әрі танымдық деңгейде өтті.
​Интеллектуалды сайыс қатысушыларға жаңа білім беріп қана қоймай, ерекше әсер сыйлады. Барлығы дән риза!
​Белсенділік танытып, білімге ұмтылған оқушыларымызға алғыс айтамыз!